Есекті аяусыз қорлаған жігіттің әрекеті жұртты шошындырды (видео)

Фотография - Есекті аяусыз қорлаған жігіттің әрекеті жұртты шошындырды (видео)

Жануарды аяусыз қорлаған кезекті видео қазақстандықтарды шошытты.

660 0

Бұл жолы ғаламторда жас жігіттің есекті қалай мазақ еткені жайлы бейне пайда болды. Өз күшін сынап көрген жас жігіт бірнеше рет жануарды жерге алып ұрады. Сонымен бірге видеоға түсіріп тұрған адам “Ұста, ұста, давай, эй. Күрес, күрес, қазақша күрес” деп одан сайын айдап салады. Осындай қорлықтан кейін жануардың аман қалған-қалмағаны белгісіз.

"Оқиғаны қай жерде болғанын анықтай алсақ, қай өңірдің құзырлы орындарымен байланысуға болатыны белгілі болады. Осыған қатысты кез келген мәліметке алғыс айтамын. Мүмкін бұл туралы біреулер біліп жатса", – деп жазды видеоны жария еткен Руслан Ыдырысов.
Қалған қолданушылар да бұл видеоға қатысты өздерінің қарсылығын білдіруде. “Обал, есек тірі деп үміттенмін”, – деп жазды Еva_magomadova.
"Аяусыз. Байғұс есек. Жауыз, не үшін?", – деп пікір білдірді Palinka_nadya.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!