ШҚО-да тоғыз адамға иіс тиіп, біреуі қайтыс болды

Фотография - ШҚО-да тоғыз адамға иіс тиіп, біреуі қайтыс болды

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында 9 адамға иіс тиген

159 0

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысында 9 адамға иіс тиген, олардың үшеуі - бала. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлады ТЖД.

46 жастағы ер адамның мәйіті Семей қаласындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Құтқару қызметі пештің жапқышының жабық болуы салдарынан ер азаматқа иіс тигенін анықтады.  

Пеш түтіні сыртқа шықпау салдарынан Семейдің тағы бір тұрғыны зардап шекті. 80 жастағы азаматша Бүйрек орталығының токсикологиялық бөліміне жеткізілді.

Өскеменде бүгін түнде балалар ауруханасына 4,6 және 8 жастағы үш бала жеткізілді. Барлығына иіс тиген. Олардың анасы бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді.  Олар да пеш түтініне уланған.

Өскеменде тағы үш тұрғын осындай себептермен уланды. Олардың пештеріндегі түтін шығатын жері жабық болған.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!