Көпірден секірмек болған қызды полиция қызметкері ұстап қалды

Фотография - Көпірден секірмек болған қызды полиция қызметкері ұстап қалды

Көпірден секірмек болған қызды құтқарған патрульдік полиция қызметкерлері марапаттауғы ұсынылады.

1360 0

Естеріңізге сала кетейік, 8 қарашада күндіз бойжеткен суицид жасамақ болған. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Today.kz хабарлайды.

Осы оқиға туралы қауіпті хабарды алғашықы болып "Буран-111" жол-патрульдік полиция экипажы қабылдаған, олар Әуезов ауданының қоғамдық тәртіп сақтау бойынша кезекшілікке тұрған. "Біз бір минуттан соң оқиға орнына жеттік, бұл Қабдолов пен Сайын көшелері қиылысқан жолайрық болатын. Сол кездің өзінде жас қыз көпір таянышының арғы бетінде тұрған, ол суицид жасауға бекінген. Қалайда жақынырақ жақындау үшін оқыс қимыл жасамастан, біздер алыстан сөйлесе бастадық. Сөйлесе келе біз оның неге суицидке баруын білдік, ол өзінің жеке басына қатысты жағдайларға және үйіндегі кикілжіңдерге байланыста секірмек болған және де оның емшектегі баласы барын да білдік. Айтпақшы осы факт біздің сөйлесуімізге де септігін тигізді, біз оған сәбиінің анасыз қалай өмір сүретіндігін айтып тоқтатпақ болдық. Бір кезде жас қыз төмен қарай қарап тұрып, қас-қағым сәттен соң секірмек болды. Сол сәтте мен оның қасына жүгіріп барып ұстап қалып, оның ойын іске асыруына жол бермедім. Сонымен, қыз аман есен құтқарылды", - Алматы қаласының ІІД жол-патрульдік полициясының полк инспекторы сержант Әділ Әділханов. 

Аудандық ішкі істер басқармасына жас әйелдің неге секірмек болғанын білу мақсатында жеткізіліп сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

"Ол қатты күйзелісте болды, тоқтамастан жылап отырды. Осы күйінде үйіне жіберу қауіпті болды, сондықтан оның туысқандарын шақырттық. Сонымен қатар, біз әріптестерімізбен ерлік іс жасады деген тура сөз емес, себебі ол біздің жұмысымыз және де әлеуметтік тәртіпті сақтау біздің парызымыз", - дейді  сержант Әділ Әділханов.

 Сонымен қатар, жол-патрульдік полициясының Полкі адамды құтқару ісіне орай Алматы қаласының ІІД басшылығына "Буран-111" экипажына марапаттауды ұсындық. Жкипаж құрамына полицияның аға сержанттары Санжар Абдраимов пен Мәди Қартбаевта бар.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!