Павлодар облысында 4 адам газдан уланды

Фотография - Павлодар облысында 4 адам газдан уланды

Мойылды кентінде газдан иіс тиген 1960 жылы туылған әйел ауруханаға жатқызылды

263 0

Демалыс күндері Павлодар облысында 4 адам газдан уланды.

Павлодар маңындағы Ленинский және Мойылды кенттерінде жеке үйде пештің ақауынан үй түтіндеп, иіс тиген 5 жасар бала мен 1981 жылы туылған әйел ауруханаға жеткізілді.

Бұдан басқа, Мойылды кентінде газдан иіс тиген 1960 жылы туылған әйел ауруханаға жатқызылды.

Жексенбіде 1948 жылы туылған Павлодар тұрғыны газдан уланды. Ол 9-қабатты тұрғын үйдің 7-қабатында өрт шыққан кезде зардап шеккен. Әйел иіс тигенмен қоса, термикалық күйік алған.

ТЖД баспасөз қызметінде жалын 30 шаршы метрді шарпығанын хабарланды. Өрт 21.31-де оқшауланып, 22.57-де ауыздықталды. Үйден 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің жеке құрамынан 20 адам, 7 бірлік техника, сондай-ақ Апат медицина орталығынан 3 адам, бір техника жұмылдырылды.


Тегтер:

өрт оқыс оқиға

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!