Астанада ер адам екі келі героинмен ұсталды

Фотография - Астанада ер адам екі келі героинмен ұсталды

Қарағанды тумасы елордада жалға алған пәтерінде 2 келі героин сақтаған.

132 0

Қарағанды тумасы елордада жалға алған пәтерінде 2 келі героин сақтаған.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы қызметкерлері  Астанада уақытша тұрып жатқан Қарағанды облысының 1991 ж.т. "Ф" есімді азаматына жеке тексеріс жүргізген кезде салмағы 6 грамм болатын героин есірткі затын анықтап, тәркіледі.

Ұсталған азаматтың тұратын мекенжайында тергеу амалдарын жүргізу барысында ішінде  ұнтақ тәріздес заты бар полиэтилен пакет тәркіленді. Сарапшылардың шығарған қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 2 келі 44 грамм «героин»  есірткі заты болып танылды. Оның қара базардағы құны 8 млн астам теңгені құрайды.

Аталмыш факт ҚР ҚК 296 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің біріңғай тіркеуіне алынды. ІІД Тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде. Ұсталған азамат Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау оқшаулағышына  қамалды.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!