Петропавлда банк тонамақ болған күдікті ұсталды

Фотография - Петропавлда банк тонамақ болған күдікті ұсталды

"Күзет және К" ЖШС-нің күзетшісі Сергей Кириенко әбжіл қимылмен оның жолын бөгеген.

119 0

Облыс орталығында орналасқан Евразиялық банкті үптеп кетпек болған 19 жастағы петропавлдықтың жолы кесілді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Банк ғимаратына баса-көктеп кірген күдікті қызметкерлерді пневматикалық пистолетпен қорқытып, қомақты ақша талап еткен. Алайда, оның арам ойы жүзеге аспады. "Күзет және К" ЖШС-нің күзетшісі Сергей Кириенко әбжіл қимылмен оның жолын бөгеген. Қолындағы тапаншасын тартып алдып, күші жетпегеннен кейін өзгелерді көмекке шақырған. Таяу маңда жүрген әскери  патульдің жасақтшылары хабар алып, қылмыскерді құрықтауға көмектескен.

Тапатал түсте оңай олжаға кенелмек болған қылмыскерден тапанша мен газ баллоны алынып, өзі уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Оны 5 жылдан 10 жылға дейін бас жазасынан айыру жазасы күтіп тұр.

Банк тонамақ болған қылмыскерді қолға түсірген жасақшылар мен банк күзетшісі марапатқа ұсынылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!