Алматыда егіз келіншектер ғимарат шатырынан секіріп кеткен

Фотография - Алматыда егіз келіншектер ғимарат шатырынан секіріп кеткен

Екеуі де сол жерде жан тәсілім етті.

498 0

 Алматыда егіздер ғимарат шатырынан секіріп, мерт болды. Қайғылы оқиға Райымбек-Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы "Мерей" сауда үйінің маңында болған.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, опат болғандар 49 жастағы егіз келіншектер екен.

Олар Алматы қаласында "Мерей" сауда үйіне жақын маңда тұрып жатқан. Екеуі де сол жерде жан тәсілім етті.

Аталған іс Жетісу аудандық ІІБ бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу ісінің алдын ала анықтауы бойынша, мұндай қадамға баруға материалдық жағдайдың жеткіліксіздігі, жұмыссыздық басты себеп болуы ықтимал.


Тегтер:

Алматы суицид

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!