Жол ақысын төлемегені үшін жолаушыны өлтірген қызылордалық 10 жылға сотталды

Фотография - Жол ақысын төлемегені үшін жолаушыны  өлтірген қызылордалық 10 жылға сотталды

Оқиға 2015 жылдың шілде айының 3 күні таңертеңгі сағат 4-5 шамасында орын алған

304 0

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 2015 жылдың шілде айының 3 күні таңертеңгі сағат 4-5 шамасында орын алған. Сотталушы өз басқаруындағы автокөлігімен адам тасымалдаумен айналысып, Қызылорда қаласы Журба көшесінің бойында қол көтеріп тұрған жәбірленушіге тоқтап, оны Астана көшесіне 500 теңгеге апаратын болып келіседі. Бірақ спирттік ішімдігін ішкен мас күйіндегі жәбірленуші келіскен 500 теңге ақшасын беруден  бас тартып, сол себептен екеуінің араларында жанжал туындап, Н. келіскен ақшасын сұрағанына қарамастан, жәбірленуші жол ақысын төлемей, автокөліктен түсіп кеткен. Сол уақытта сотталушы жол ақысын ала алмағанына қатты ашуланып, өзімен бірге алып жүрген пышақпен жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті мүшелері, яғни денесінің сол жағынан жүрек пен өкпе тұсынан бірнеше рет күштеп ұрып, оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен. Алған дене жарақаттарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған. 

Сот мәжілісінде сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Оның айтуы бойынша жәбірленуші ақша төлемеймін деген соң араларында ұрыс-керіс болғандығын, одан кейін жәбірленуші оның басынан бөтелкемен ұрғанын, сосын ол қорғанамын деп пышақты алып шыққанын айтты.

Жәбірленушінің әйелі және екі кәмелетке толмаған балалары бар.

Іс бойынша төрағалық етуші судья С.Сүлеймен айыптау үкімін жариялады. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 10 (он) жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге белгіленді.  Сот үкімі заңды күшіне енбеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!