"Мерей" СО секіріп кеткен келіншектер жайлы белгілі болды

Фотография - "Мерей" СО секіріп кеткен келіншектер жайлы белгілі болды

Екеуі бірге туған екіздер болып шықты

747 0

"Мерей" сауда орталығынан секіріп кетіп, мерт болған екіз келіншектер туралы мағлұматтар белгілі болды, деп хабарлайды Today.kz ақпарат көздеріне сілтеме жасап.Қайтыс болған келіншектер 1966 жылы туылған және Алматы қаласының тұрғындары болып шықты.

Белгілі болғаны қос әйелдің де тұрақты жұмысы болмаған. Екеуі де тұрмыс құрмаған сәйкесінше балалары да жоқ. Мұндай іске не себепті барғандарын тергеу амалдары анықтайтын болады.Олар секірер алдында ешбір хат қалдырмаған. Екеуі де жедел жәрдем келгенше көз жұмған. "Мерей" сауда орталығында жұмыс жасамаған.Оқыс оқиға жайлы "Жетісу" аудандық ішкі істер бөліміне сауда орталығының күзетшісі хабарлаған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!