Павлодарлық отбасылық жатақханада шыққан өртте екі адам қаза тапты

Фотография - Павлодарлық отбасылық жатақханада шыққан өртте екі адам қаза тапты

Үй жиһазы, диван, ағаш еден, бөлмеаралық есіктер мен терезе жақтаулары отқа оранды

167 0

Павлодарда таңғы үш жарымда бес қабатты отбасылық жатақханада өрт шықты, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметінен.   

Үй жиһазы, диван, ағаш еден, бөлмеаралық есіктер мен терезе жақтаулары отқа оранды. 10 адам өздері қауіпсіз жерге шықты. От сағат 04:06 ауыздықталып, сағат 04:29 жойылды. Қызыл жалын 10 шаршы м. аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде  20 "Б" пәтерінде ер және әйел адамның мәйіттері табылды. Олардың мерт болу себептері анықталып жатыр.

Отты жоюға ТЖД өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің 10 құтқарушысы мен 3 техникасы тартылды.


Тегтер:

өрт оқыс оқиға

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!