Атырауда еркекті сабаған әйел 9 жылға сотталды

Фотография - Атырауда еркекті сабаған әйел 9 жылға сотталды

А.Нұржанованың кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы Атырау облыстық балалар үйі әкімшілігіне тапсырылды.

378 0

Атырау қаласының №2 соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушы А.Нұржановаға қатысты қылмыстық істі қарады, деп жаады аталған соттың баспасөз қызметінен.
Сотта анықталғандай, А.Нұржанова өзінің азаматтық некедегі жұбайы Н.Асланов және таныстары Д.Тұрсынов пен С.Айдосынов төртеуі оның үйінде спирттік ішімдік ішіп отырған. Отырыс барысында Н.Асланов мас болып ұйықтап қалады да үшеуі ішуді әрі қарай жалғастырады. Бір мезетте А.Нұржанова мен Д.Тұрсынов өзара керісіп, алғашқысы соңғысын қолына түскен балғамен бірнеше мәрте соғады. Онысымен де қоймай, есінен танып жатқан А.Тұрсыныовтың үстіне секіріп шығып, ұрып- тебуін одан әрі жалғастырады.
Нәтижесінде, жәбірленуші Д.Тұрсынов «ауыр» дәрежедегі дене жарақаттарын алған.
Сотта сотталушы А.Нұржанова кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот үкімімен А Нұржанова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық іс-әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
А.Нұржанованың кәмелеттік жасқа толмаған 3 баласы Атырау облыстық балалар үйі әкімшілігіне тапсырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!