Алматы полициясы колледж аумағында ұрланған қызды іздестіруде

Фотография - Алматы полициясы колледж аумағында ұрланған қызды іздестіруде

Қызды күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен

823 0


Аламты полициясы ұрланған қызды іздестіруде. Оны күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытта алып кеткен. Оқиғаның бейнесі Instagram пайдаланушылары орналастырған. Оқиғаның сервис және технология колледжінің аумағында болғаны белгілі, деп жазады Today.kz  қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"12 қарашада сағат 8:50-де Алматы ІІД Жедел басқару орталығына жергілікті тұрғындардан қызды көлікке күшпен отырғызып, алып кеткені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел түрде ІІБ жанындағы Бостандық ауданының жедел тергеу бөлімінің тобы мен жол-патрульдік полиция экипажы барған. Қызметкерлер автокөлік пен оның иесін анықтады. Көлікті ұстау үшін полицияның жедел кезекшілігі "Ұстау" жоспары енгізілді.

Қазіргі кезде бұл факт ҚР ҚК 125-бабы  "Адам ұрлау " бойынша тіркелді. Ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері мен полицияның өзге қызметі қыздың қайда екенін анықтаумен және қылмысқа қатысты тұлғаларды ұстаумен айналысыуда деп хабарлады полиция.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!