Атырау облысында ер адам қарумен қорқытып, дүкен тонаған

Фотография - Атырау облысында ер адам қарумен қорқытып, дүкен тонаған

1978 жылғы туылған облыс тұрғыны ашық түрде күш көрсету арқылы дүкен кассасынан 20 мың теңгені алып кеткен.

1232 0

 Атырау облысында дүкен тонаған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды облыстық ІІД-інің баспасөз қызметінен. 

Атырау облыс аумағында қару қолданумен жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу, атыс қаруы ұрлықтарын жасайтын адамдарды ұстау, жауапкершілікке тарту, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын заңсыз дайындауға, оның айналымына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында 10-12 қараша аралығында "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. 
10 қараша күні сағат 13.20 шамасында белгісіз адам Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, қолындағы қаруымен 1963 жылғы туылған азаматты қорқытып, ашық түрде күш көрсету арқылы дүкен кассасынан 20 мың теңгені алып кеткен. 
"Қару" жедел іс-шарасы барысында сол ауданның 1978 жылғы туылған тұрғыны анықталып ұсталып, айғақ зат ретінде 16-калибрлі дара ұңғылы шолақ мылтығы тәркіленді. Күдікті өз кінәсын мойындап, қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. "Қару" жедел алдын алу іс-шарасы барысында жалпы саны 6 тапанша тәріздес пневматикалық қару мен 2 шолақ мылтық тәркіленді", делінген хабарламада.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!