Өскеменде автотұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Фотография - Өскеменде автотұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Өр сөндірушілері келгенше машинаның басым бөлігі жанып кеткен

383 0

Таңертең 13 қарашада Промышленная көшесінде автотұрақта тұрған "Фольксваген Пассат" көлігі өртеніп кетті, деп хабарлады  YK-avto.kz.

Өскемен ТЖ басқармасының ақпаратына сүйенсек, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше,  иномарканың басым бөлігі жанып кеткен.

Өрт алаңы төрт шаршы метрді құрады.  Мамандар қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолданған деген нұсқаны қарауда, деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ құтқарушылар тұрақта жанында тұрған «Тойота Калдин» көлігінің қатты ыстықтан пластикалық тұтқасы балқып кеткенін айтты. Жалын жапонияда шыққан көліктің жамылғысын айтарлықтай зақымдады.

 


Тегтер:

өрт ШҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!