Дәріханаға соғылған қарағандалық ЖКО-дан кейінгі қуғыннан қашқан

Фотография - Дәріханаға соғылған қарағандалық ЖКО-дан кейінгі қуғыннан қашқан

ЖКО-да зардап шеккен "Арлан" арнайы жасақ қызметкері ауруханаға жатқызылды

508 0

Қарағанды полициясы 13 қарашаға қараған түні болған ерекше ЖКО себебін айтып берді. Жүргізуші "Арлан" бөлімшесінің қызметкері жараланған ЖКО-дан кейін қуығннан қашқан. Instagram пайдаланушылары көліктің дәріхана кіреберісіндегі баспалдақтардың ұстінде тұрған суретін жариялаған, деп жазады Today.kz.

Қарағанды облысының ІІД хабарлағандай, 13 қарашада ҰҚҚК пен "Арлан" арнайы бөлімшесі Қарағанды тұрғынының арызы бойынша тексеріске шыққан. "Зональная көшесінде күдікті мінген көлікті ұстау кезінде Mazda жүргізушісі "Арлан" арнайы жасақ қызметкерін қаққан, кейін ол қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Көлікті артынан қуу кезінде арнайы жасақ қызметкерлері екі рет аспанға ескертіп оқ атқан, кейін ҚР Заңының 61-бабы "Құқық қорғау қызметі туралы" заңына сәйкес көлікті күшпен тоқтату үшін екі рет дөңгелектен атқан. Жүргізуші көлікті басқара алмай көшедегі бағанаға, кейін Мира даңғылығындағы дәріханалардың бірінің бетонды баспалдағына соғылады", - деді ведомстводағылар.

Берілген факт Қарағнды облысының ІІД ҚР ҚК 379-бабы "Билік өкіліне бағынбау" бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде, прокуратура  полиция қызметкерлерінің қару қолдану заңдылығын тексеруде.

Медециналық жедел жәрдемнің облысытық станциясында рөлде 1975 жылы туған ер адам, оның қасында 1997 жылғы қыз бала болғанын мәлімдеді. Дәріхана баспалдағына соғылғаннан кейін олар жарақат алған. Ер адам жабық бас сүйегі жарақаты мен ми шайқалысын алған. Ал қыз бала маңдайын соққан және миы шайқалған.







Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!