Досын пышақтап өлтірген Атырау тұрғыны 12 жылға сотталды

Фотография - Досын пышақтап өлтірген Атырау тұрғыны 12 жылға сотталды

Үйіне кірер кірместе жүрек тұсына пышақ жұмсаған.

307 0

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабаның 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Р.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сотталушы Р. 2014 жылдың 28 желтоқсан күні досы О.-ның тұратын Атырау қаласының Сәтпаев  көшесіндегі үйіне  келген. Кірер- кірместен ескі досына бұрынғы қызғаныштан бір қыз үшін  араларында болған кикілжіңді айтып, өзінің сотты болғанына О.-ны кінәлаған. Бұл әңгіменің аяғы ұрыс-керіске ұласып, Р. жәбірленуші О.-ны  жүрегіне пышақпен соғып  өлтірген.

Сот үкімімен сотталушы Р-ны 12 жыл мерзім бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!