Алматы облысында "Шин-лайн" ЖШС-ның тоңазытқыш қоймасы өртенді

Фотография - Алматы облысында "Шин-лайн" ЖШС-ның тоңазытқыш қоймасы өртенді

Өрт 6875 шаршы метрді шарпыған.

217 0

Өтеген батыр кентінің өрт бөлімінің байланыс пунктіне "Шин-лайн" ЖШС компаниясына тиесілі балмұздақ дайындайтын цехтың өртенгені жайлы хабарлама түсті. Оқиға орнына Өтеген батыр ӨБ-3 кезекші қарауылы жетті. Өрт 6875 шаршы метрді шарпыған.

Алматы облысы ТЖ департаментінің хабарламасына сәйкес қызыл жалынның жайылуына өрт сөндірушілерге кешірек хабарласқаны себеп болған. Өрт 04 сағат 18 минутта оқшауланып, 06 сағат 15 минутта ауыздықталды.

Кімнің кінәлі екені және материалдық шығын анықталу үстінде.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!