Жамбыл облысында шекарашылары 100 келіден астам есірткі тәркіледі

Фотография - Жамбыл облысында шекарашылары 100 келіден астам есірткі тәркіледі

Нұрболат Тоқтасынұлының айтуынша, жыл басынан бастап ҚР аумағына есірткі өткізуге тырысқан 38 факті тіркелген.

271 0

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуымен және Қазақстанның оңтүстік шекараларының басым бөлігінде кедендік бақылаудың алынып тасталуына байланысты ҚР ҰҚК Шекара қызметіне елге тыйым салынған заттарды өткізудің жолын кесуге ерекше жауаптылық жүктелді. "Қордай" шекаралық бақылау бөлімі басшысының орынбасары Нұрболат Тоқтасынұлының айтуынша, жыл басынан бастап ҚР аумағына есірткі өткізуге тырысқан 38 факті тіркелген.

"Апта сайын бақылау-өткізу пунктінде үш-төрт есірткі затын алып өтпекші болған жағдай орын алады. Бір ай бұрын ірі героин партиясы тәркіленді. Көлікті ұстаған кезде құпия орыннан 21 келі есірткі табылды. Таяуда екі әйел денелеріне гашиш салынған пакетті орап алып, шекарадан өтіп кетуге әрекеттенген, біреуінде 320 грамм, екіншісінде 400 грамм гашиш болды", -деді Е. Тоқтасынұлы.

Ол есірткі заттарын табуға заманауи техниканың да, кинологиялық қызмет мамандары үйреткен иттердің де көмегі тиіп жатқанынекенін атап өтті.

Жыл басынан бастап қордайлық шекарашылар жүз келіден астам есірткі затын (77 келі героин, 11 келі гашиш, 21 келі марихуана) тәркіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!