ШҚО-да терроризм туралы жалған хабарлама берген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Фотография - ШҚО-да терроризм туралы жалған хабарлама берген азаматқа қатысты сот үкімі шықты

Согра кентінің аумағында өткізілген іздеу шараларының нәтижесінде жарылғыш құрал табылмаған

388 0

Өскемен қаласының №2 соты азамат М.Антоновқа қатысты үкім шығарды.

М.Антонов 2015 жылғы 9 қыркүйекте спирттік ішімдік ішкеннен кейін «102» нөміріне қоңырау шалып, Өскемен қаласының Согра кентінде жарылғыш зат  қойылғандығын хабарлаған.

Согра кентінің аумағында өткізілген іздеу шараларының нәтижесінде жарылғыш құрал табылмаған. Бұл үшін Өскемен қаласының ІІБ-нің және облыстық ТЖ департаментінің жеке құрамы, арнайы техникасы іске қосылған.

Сот М.Антоновты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша (дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру) кінәлі деп таныды. Оған 1 жыл 6 ай мерзімге жалпы тәртіпті түзеу колониясында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚР ҚК  91-бабының 1-бөлімінің 4-тармағына сәйкес (қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға алкоголизмнен емдеуге мұқтаж деп танылған) сотталушыға бас бостандығынан айыру мекемесінде мәжбүрлі түрде емделу тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.


Тегтер:

ШҚО сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!