Алматы облысында балмұздақ дайындайтын цех өртенді

Фотография - Алматы облысында балмұздақ дайындайтын цех өртенді

Оқиға орнына Алматы облысының жақын тұрған аудандары мен Алматы қаласының өрт сөндіру бөлімдері жіберілді

159 0

2015 жылдың 15 қарашасында сағат 01:41-де Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінің №3 өрт сөндіру бөліміне "Шин-лайн" ЖШС-нің иелегіндегі балмұздақ дайындау цехының өртенгені туралы ақпарат келіп түсті.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТК баспасөз қызметінен хабарлады.

Сағат 01:42-де өрт шығу орнына Өтеген батыр кентіндені өрт сөндіру бөлімінің екі техникаға мінген бес қызметкерінен тұратын кезекшілік қарауылы шықты. Сағат 01:50-де шақыру орнына келгенде, қойманың өртенгені анықталды.

Оқиға орнына Алматы облысының жақын тұрған аудандары мен Алматы қаласының өрт сөндіру бөлімдері жіберілді.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттерінің арқасында жалын сағат 04:18-де ауыздықталып, 06:15-те сөндірілді. Тілсіз жау 6875 шаршы метр аумаққа тараған. Өрттің таралып кетуіне кеш берілген хабарлама себеп болғанын атап өту керек.

Өрт сөндіру кезінде, құтқарушылардың білікті әрі кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында 10 автомобиль мен тоңазытқыш жабдықтардың жанып кетуіне жол берілген жоқ.

Жалынмен күреске ҚР ІІМ ТЖ бойынша комитеті бөлімшелерінің 42 адамы мен  12 техника жұмылдырылған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!