Атырау облысының тұрғыны 100 келі бекіре балығымен қолға түсті

Фотография - Атырау облысының тұрғыны 100 келі бекіре балығымен қолға түсті

Тексеру кезінде оның жүк салғышынан жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы табылып, тәркіленді

253 0

Атырау қаласында 100 келі бекіре тұқымдас балығын тасымалдаған 25 жасар азамат ұсталды, деп хабарлайды өңірлік ІІД-інің баспасөз қызметінен.

"14 қараша сағат түнгі 23.30 шамасында ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шарасын өткізу барысында қаладағы Мұнайшы шағынауданынан Daewoo Gentra автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде оның жүк салғышынан жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы табылып, тәркіленді", делінген хабарламада.

Қазір көлік жүргізушісі - 1990 жылы туылған Исатай ауданының тұрғынына қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!