Жамбыл-Талас теміржол аралығында жүк пойызы 48 жастағы әйелді басып кетті

Фотография - Жамбыл-Талас теміржол аралығында жүк пойызы 48 жастағы әйелді басып кетті

Зардап шеккен әйел Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізіліп, сағат 20:10-да қайтыс болды

412 0

Қайғылы оқиға Жамбыл облысындағы темір жолда орын алған, деп хабарлады аймақтың ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

"15 қараша күні сағат 19:04-те Жамбыл-Талас" аралығының 3516-шы шақырымында, №5 пикетте, Жамбыл-Шу бағытындағы №3014 жүк пойызы (машинист Б.Құрбанов) Тараз қаласының тұрғыны, 48 жастағы әйелді басып кетті. Жамбыл облыстық ТЖД-нің кезекшісіне бұл туралы хабарлама сағат 19:30-да келіп түскен", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Зардап шеккен әйел Тараз қаласының №1 ауруханасына жеткізіліп, сағат 20:10-да қайтыс болды.

Пойыздың кешігуі орын алған жоқ, деп нақтылады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!