Алматы облысында әйел мен баланы қағып кеткен жүргізуші кепілге миллион берді

Фотография - Алматы облысында әйел мен баланы қағып кеткен жүргізуші кепілге миллион берді

21 жасар BMW жүргізуші ауыр емес қылмысқа күдікті

281 0

Алматы облысы Өтеген батыр ауылында "зебрамен" өтіп бара жатқан бала мен әйелді қағып кеткен жүргізушісінің төлеген кепілінің соммасы белгілі болды, деп жазады Today.kz Алматы облысының Іле ауданы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Прокуратураның мәліметінше, ЖКО-ға кінәлі деп есептелетін BMW жүргізушісі – 21 жасар Б. Жомартов "салдарынан адам денсаулығына байқаусызда ауыр зиян келтірген" ауыр емес қылмысқа күдікті.

 "Күдікті қылмыстық құқық бұзу жасағанын мойындап отырғанын есепке ала отырып, оның еркіндікте жүріп, сот пен тергеуден жасырынады деуге негіз жоқ. Мұндай жағдайда күзетке алудың негізгі бұлтартпау шарасы болмайды. Кепіл соммасы 1 102 337 теңгені құрады. Қылмыстық қудалау органдары ұсынылған кепілді қабылдады", - дейді аудандық прокуратурадан.

Айта кетейік, BMW жүргізушісі жаяу жүргінші жолында әйел мен оның 6 жасар қызын қағып кеткен. ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы "Жол ережесін бұзу немесе көлік жүргізушілерімен көлікті пайдалану ережесін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Аудан прокуратурасы қылмыстық қудалау органдарына қазіргі кезде әлі дайын болмаған бірқатар сараптама тағайындау туралы нұсқау берді", - деп атап өтті қадағалау органынан. Атап айтсақ, сарапшылар көліктің адам қаққан сәттегі жылдамдығын, тежеу жолының ұзақтығын, сондай-ақ, жүргізушінің адам қағуды болдырмау мүмкіндігін анықтау керек болады.

Естеріңізге салсақ, 2015 жылдың 26 қазанында Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылында "Биля" базарына қарсы жаяу жүргінші жолында BMW жүргізушісі Васелиса Петрова мен оның 6 жасар қызы Ангелина Солонскаяны қағып кетті. Соққыдан адамдар ауада айналып барып, жерге құлаған. Зардап шеккендер көптеген жарақаттармен жақын ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, әйел адамға операция жасалды. Қыз бала да ұзақ мерзімдік емді қажет етеді.

Полиция көлік рөлінде 21 жасар жігіт болғанын хабарлады. Кейін жүргізуші кепілге босатылғаны белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!