Алматы ТЖД қауіп қатерлер туралы ақпаратты телеарналар арқылы хабарлайтын болады

Фотография - Алматы ТЖД қауіп қатерлер туралы ақпаратты телеарналар арқылы хабарлайтын болады

Alma TV, Icon, ID TV эфирлерінің толқынына қосылу арқылы қауіп қатерлер туралы ақпаратты телеарналар арқылы хабарлайтын болады.

539 0

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қауіп қатерлер туралы ақпаратты телеарналар арқылы хабарлайтын болады.

Алматы ТЖД эфирлердің толқынына қосылу арқылы төтенше жағдайлар туралы және жер асты дүмпулері жайында хабарлап тұрады. Бұл туралы брифингтің өту барысында ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерік Алпыспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Today.kz.

"15 минутта Сейсмология институтынан келген ақпаратты ала сала, біз ескертусіз  эфирлердің толқынына қосылу арқылы хабарлама тарататын боламыз",- дейді Алпысбаев.

Брифинг барысында белгілі болған тағы бір жәйт Оңтүстік Қазақстанда болған жер сілкінісі туралы ақпаратты өздерінің сайтында жариялаған. Айта кету керек түнгі уақытта шұғыл хабарлама тарату үшін 20  сандық телеарналар мен барлық радиотолқынды арналар қамтылған.

Алматыдан 495 километр жерде Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында түнде жер асты дүмпулері орын алған, магнитудасы - 5,6-5,7. Жер сілкінісінің эпицентірі облыс орталығы Ош қаласынан 35-45 шақырым жерде орналасқан. Бұл жер сілкініс Қазаұстанның оңтүстік аймақтарында да байқалған. Тараз қаласы мен Меркі ауданында үш балдық жер асты дүмпулері сезілсе, Алматы қаласында екі балдық жер сілкінісі орын алған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!