Кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен Теміртау тұрғыны 14 тәулікке қамалды

Фотография - Кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен Теміртау тұрғыны 14 тәулікке қамалды

Оқиға 26 тамыз күні Теміртаудағы үйлердің бірінің ауласында орын алған

164 0

Қарағанды облысының Теміртау қаласында үйдің қасында мас күйінде болып, 15 жасар қызға тиіскен бозбала 14 тәулікке қамауға алынды.

Бұл туралы Теміртау мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Теміртаудың мамандандырылған әкімшілік соты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлімі бойынша (Ұсақ бұзақылық) айыпталып отырған азамат Қ-ның  үстінен қозғалған істі қарастырды. Ол екі құқық бұзушылықтың әрқайсысы бойынша кінәлі деп танылып, 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасына кесілді", - делінген хабарламада.

Сот ақпаратынша, оқиға 26 тамыз күні Теміртаудағы үйлердің бірінің ауласында орын алған. Мас күйінде болған жігіт кәмелеттік жасқа жетпеген қызға тіл тигізіп, үйге кіруге жол бермеді, оны құшақтамақ болып, қолынан ұстап тұрған. Бірақ одан жауап алмаған соң, 15 жасар қыз бен оның құрбыларының көзінше балағат сөздер айтқан. 

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол қыз баламен танысқысы келгенін, сол кезде мас болмағанын түсіндірді. Алайда сот оның дәлелдерін жауапкершіліктен қашу әрекеті деп таныды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 


Тегтер:

теміртау сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!