Ақмола облысында ер адамды өлтірген әйел 9 жылға сотталды

Фотография - Ақмола облысында ер адамды өлтірген әйел 9 жылға сотталды

Спирттік ішімдік ішу барысында, екеуінің арасында жанжал туындайды, азаматша З. ас пышағымен ер азаматтың жүрегіне соққы берген.

213 0

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматша З-ға  қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Сот анықтағандай, азаматша З. бірге тұратын азаматтық некедегі ер адаммен спирттік ішімдік ішкен. Спирттік ішімдік ішу барысында, екеуінің арасында жанжал туындайды, азаматша З. ас пышағымен ер азаматтың жүрегіне соққы берген. Алған дене жарақатынан ер адам сол жерде қайтыс болды.

Сот үкімімен, азаматша З. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде («Адам өлтiру») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеумен тоғыз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне еңген жоқ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!