Өкшебаев ісі бойынша басты куәгер ауруханаға түсіп қалды

Фотография - Өкшебаев ісі бойынша басты куәгер ауруханаға түсіп қалды

"Алматыметрокұрылыс" АҚ мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Сергей Тетюк сотқа шақырды

349 0

Алматы метросын салу кезіндегі ірі көлемде ақша жымқыру ісі бойынша басты куәгер ауруханада жатқандықтан, сот отырысына келе алмады, деп жазады Today.kz. "Алматыметрокұрылыс" АҚ мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Сергей Тетюк сот алдына шығу керек болған.

Іс материалынан белгілі болғандай, Тетюк бұл қызметте 2010 жылдың қаңтар айына дейін болған. Одан кейін бұл орынға, қазір метроның экс-директоры Мұрат Өкшебаев және мердігерлік фирма жетекшісі Константи Антиповпен бірге айыпталып жатқан Ербол Қалдыбаев келген болатын.

Прокурор хабарлағандай, Сергей Тетюк қазіргі кезде төсек тартып жатыр және сотқа келе алмайды. Бұныстационардан келген медециналық анықтама дәлелдеп отыр. Тетюктің немен ауырып жатқаны хабарланбады. Ал Өкшебаевтың қорғаушылары Тетюк пен тағы бірнеше куәгерден сұрау алуын талап етуде.

Айта кетейік, Алматы метросының экс-директорына қатысты қылмыстық іс бойынша жалпы 50 куәгер сұралған. Куәгерлердің жалпы саны 65 адам. Естеріңізге салсақ, Алматы метрополитенінің экс-директоры Мұрат Өкшебаев, оның орынбасары Ербол Қалдыбаев, сондай-ақ, мердігер – "СредАзЭнергоСервис" ЖШС құрылыс компаниясының директоры Константин Антипов "сенімге берілген өзгенің мүлкін өзіне алу немесе шашу" бойынша айыпталып отыр. Тағылған айып бойынша жымқырылған сомма екі миллиард теңге.

Алматы метрополитенінің экс-директоры Өкшебаев 2015 жылы 17 шілдеде екі айға қамауға алынған, кейіннен сот санкция мерзімін ұзартқан. Сонымен бірге, сот оның мүлкін де – төрт пәтер мен жер теліміне тиым салды.


Тегтер:

Өкшебаев сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!