Арнайы жасақтың бұрынғы қызметкері әйел үшін полицейді өлтірген

Фотография - Арнайы жасақтың бұрынғы қызметкері әйел үшін полицейді өлтірген

Ер адам 14 жылға бас бостандығынан айырылды

502 0

Қарағандыда Жезқазғандық 46 жасар жол-патрульдік полиция қызметкерін өлтіргені үшін арнайы жасақтың бұрынғы қызметкері сотталды. Қылмыстық істің материалдары бойынша, арнайы жасақтық бұрынғы қызметкері қарсыласын өз пәтерінде өлтірген, деп жазады Today.kz. тілшісі.

Қарағанды облысының Арнайы ауданаралық қылмыстық сотындағы негізгі тыңдаулар барысында қылмысқа себеп болған екі ер адамның да бір әйелмен қарым-қатынаста болуы белгілі болды. Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 1 маусымында Сәтпаев қаласында өз пәтерінде 46 жасар Жезқазғандық ІІБ қызметкерінің өлі денесі анықталған болатын. Оны өткір затпен көптеген жерінен сұққылаған және кескілеген. Өлтіру бойынша әскери арнайы жасағының  29 жасар бұрынғы қызметкері күдікті болды.

Тергеу анықтағандай, полиция қызметкері мен арнайы жасақтың бұрынғы қызметкері де бір әйелмен кездесіп жүрген. Қылмыс болған күні әйел мемлекеттік автоинспектордың үйінде болған. Оларды бірге көріп қалған ер адам қарсыласының көзін жоюға бекінген. Түнде ол полицейдің пәтеріне терезе арқылы кіріп, өткірленген тырнақ егеуішімен жарақаттар салған, полицей оқиғаға орнында мерт болған. Оянып кеткен әйел қылмысқа куә болыпты, алайда, полицияға арыз жазбаған.

"Полицей өліміне айыпталушы ҚР ҚК 96-бабы "Өлтіру" бойынша кінәлі деп танылыпп, қатаң режимдегі колонияға 14 жылға сотталды. Әйел адамды да ҚР ҚК 364-бабы бойынша арыз түсірмегені үшін соттап, бес миллион 946 мың теңге айыппұл салды", - деп хабарлады соттан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!