Қарағандыда қаіпті құрма тиелген жүк көлігі ұсталды

Фотография - Қарағандыда қаіпті құрма тиелген жүк көлігі ұсталды

Көлікте 17 тонна шүбәлі құрма болған

410 0

Қарағандының ішкі істер органдарының қызметкерлері қалалық базарлардың бірінен шүбәлі құрма тиелген MAN көлігін ұстады. Жеміс партиясы Комсток сымырының жұмыртақаларымен зақымданған болуы мүмкін, деп жазады Today.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ғаламторда Қарағандыға Комсток сымырының жұмыртақаларымен зақымданған құрма тиелген MAN көлігі жөнелтілді деген ақпарат тараған болатын. Ішкі істер органдарының қызметкерлері қала базарларының бірінен осындай жүкті ұстады.

Көлікті ұстау фактісі ҚР ҚК 304-бабының 1-тармағы "Санитарлық ережелерін немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша СДТБТ-ға тіркелді (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімі). Қазіргі кезде 17 тоннаны құрайтын құрма сәйкес тексерулер жүргізу үшін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдеріне тапсырылды.

Комсток сымыры – қауіпті зиянкес. Ол 300-дей түрлі өсімдікті зақымдаушы құрт. Құрт әлемнің көптеген елдеріне тараған. Жеміс немесе көкөністе құрт барын көзбен байқауға да болады. Егер жеміс дұрыс жуылмаса, бұл іш ауруымен қауіпті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!