Алматыда отандық әртістің үйіне ұры түсті

Фотография - Алматыда отандық әртістің үйіне ұры түсті

Сая Оразғалиеваның үйден ақша мен ұлына тиесілі iPad жоғалған.

101 0

Алматыда танымал қазақстандық әртіс Сая Оразғалиеваның үйіне ұры түсті. Бұл туралы әртістің өзі жеке Instagram парақшасында жария етті. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, үйден ақша мен ұлына тиесілі iPad жоғалған.

"Қасиетті жұма… Қымбатты ұрылар, 27-сі пәтерақысына төлеуім тиіс болған ақшамды ұрлағандарың үшін "рақмет"… Бәлкім ол ақша сендерге көбірек қажет болған шығар, бәлкім сіздерді мұндай іске қиын жағдай итермелеген шығар: отбасыңызда біреу сырқаттанып қалған болуы да мүмкін… Садақа болсын. Алайда менің ұлымды қорқытып, көңілін құлазытқандарыңды кешіре алмаймын… Оған айпадты 3 жыл бұрын сыйлаған, ескі болса да жанына жақын заты еді… "Менің айпадымды не үшін ұрлап кетті, мама?" деп жылап жүр. Енді бас сұқпай-ақ қоюларыңызға болады, бізде ұрлайтын ештеңе қалмады", – деп жазған Оразғалиева.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!