Қырғызстанда "Боинг 737" ұшағы апатты жағдайда қонды

Фотография - Қырғызстанда "Боинг 737" ұшағы апатты жағдайда қонды

Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.

235 0

Ош әуежайында авиалайнердің апатты жағдайда қонуына қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлады жергілікті БАҚ Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауа райының қолайсыздығынан экипаж ұшақты екінші талпыныстан соң ғана қондыра алған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кеткен. Оның қанаты мен дөңгелегі істен шыққан. Ұшақ бортында барлығы 159 адам болған.

Еске салайық, 22 қарашада Красноярск-Ош бағыты бойынша AVJ 768 рейсін орындаған "Авиа Трафик" әуе компаниясының "Боинг 737" ұшағының апатты қонуы кезінде алты адам зардап шекті: аяғы ауыр әйел мен төрт жолаушы, сондай-ақ бір ұшқыш аурухана жеткізілді.
Шұғыл шақырылған кеңес кезінде ел премьер-министрі Темір Сариев төтенше жағдайды тексеру жөнінде үкіметтік комиссия құруды тапсырды.
"Ош қаласындағы оқыс оқиғаны тексеру нәтижелері бойынша жолаушыларға өтемақы төленеді", - деді Т.Сариев.
 

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!