Көкшетауда терроризмді насихаттаған ер адам анықталды

Фотография - Көкшетауда терроризмді насихаттаған ер адам анықталды

22 жастағы облыс тұрғыны ҚР ҚК 256-бабында қарастырылған қылмысты жасағанын мойындады.

286 0

Қылмыстық атқару жүйесінің (ҚАЖ) қызметкерлері құқық қорғау органдарының құрылымдарымен бірлесіп радикалды экстремизм мен терроризм идеяларын таратып жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінен.

"ЕЦ-166/23 мекемесінің қызметкерлеріне ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғандардың бірі терроризмді насихаттаумен байланысты тағы бір қылмыс жасады деген ақпарат келіп түсті", - деді Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/23 мекемесінің басшысы Арман Қасымов.

"Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары мұқият тексеріп, ол расталды. 22 жастағы облыс тұрғыны ҚР ҚК  256-бабында қарастырылған қылмысты жасағанын мойындады. Тергеу амалдары басталды", - деді А. Қасымов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!