ҚР СІМ Қытайда ЖКО зардап шеккен студент туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Фотография - ҚР СІМ Қытайда ЖКО зардап шеккен студент туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Қазақстандық студенттер Қытайда жантүршігерлік жол апатына түсті.

960 0

Олардың бірі емханада ауыр бас-ми жарақатын алып, ес-түссіз күйде жатыр. Күрделі ота жасату үшін ірі сома қажет. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Бұл туралы апатқа түскен студент Ерлан Амангелдінің достары айтты. Көмек сұраған хабарлама Қытайдың өмірі туралы "Мandarin" орыс-қазақ журналында жарияланды.

71Снимок

"2015 жылдың 22 қарашасы күні Қытайдың Гуанчжоу қаласы Гуандун провинциясында сағат таңғы 7:30-да Оңтүстік-Қытай технологиялық университеттің студенттері Ерлан, Наргиза және олардың достары жатақханаға барар жолда апатқа түсті. Олар мопедпен келе жатқан. Ерлан мен Наргиза бұрыла бергенде, ернеуге барып соғылған. Артынша жетіп үлгерген Әлия мен Абылай олардың жерде жатқанын көреді. Ерлан ес-түссіз күйде болған. Оның басы жер мен қалқанның арасында қысылып қалып, бас сүйек-ми жарақатын алған", – дейді студенттер.

Хабарламада Наргиза көптеген жарақаттар алса да, ес-түссіз күйде болмағаны айтылған. Студенттер Ерланды шығару үшін қалқанды жұлып алып, жігітті емханаға жеткізуге жақын маңда болған қытайлық келіншек көмектескен. Бүгінде Ерлан ауыр халде жатыр.

"Дәрігерлер оған жедел ота жасатқан. Екі сағатқа созылған ота жігіттің жағдайын жақсарта қоймаған. Ауыр халде жатқан студент енді тағы бір өте күрделі отадан өтуі тиіс", – дейді Ерланның достары.

Отаға кемінде 200 мың юань (30 мың доллар) қажет. Ал күнделікті шығынға шамамен 5000 юань керек. Студенттер оларға көмектесуін сұрап, жігіттің өмірін сақтап қалу үшін қаражат жинастыруда.

Жарақат алған өзге студент – Наргиза Шандозова болса, өзінің досы Ерланға көмектесуін сұрап, желіде жазба қалдырған.


"Қымбатты достар! Біздің досымыз, Қазақстан азаматы, Гуанчжоу қаласының Оңтүстік-технологиялық университетінің студенті Амангелді Ерлан жантүршігерлік апатқа түсті… Ол басын ауыр жарақаттаған, жағдайы өте ауыр, ес-түссіз халде. Дәрігерлер ота жасау үшін оның жағдайы қашан оңалатынын күтуде. Ота өте қымбат, әлі күнге дейін қаншаға түсетіні белгісіз. Бей-жай қарамай, қолдарыңыздан келгенше көмектесіңіздерші", – деп жазған Наргиза.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!