Астанада терактілер ұйымдастырмақ болғандарға үкім шықты

Фотография - Астанада терактілер ұйымдастырмақ болғандарға үкім шықты

Сотталғандар радикалды діни идеологияны насихаттап, ИМ (ДАИШ) қатарына қосылуға шақырған

158 0

Сирия мен Ирак аумағында *ИМ (ДАИШ) қатарына қосылуға шақырған Астананың үш тұрғыны тұрмеге жабылды, деп жазады Today.kz  Астананың №2 Сарыарқа аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Редакцияда бар ақпарат бойынша, бұл Астанада терактілер жасамақ болған адамдар.

"23 қарашада Астананың үш тұрғынына қатысты терроризмді насихаттау бойынша қылмыстық істің үкімі шықты. Топ жетекшісі сегіз жылға сотталды, қалған екі сыбайласы мүлкі тәркілене отырып, 6,5 жылды жалпы режимдегі колонияда өткізеді", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Іс материалынан белгілі болғандай, сотталушылар тұрақты ұйымдасқан топ құрамында, өз істерінің қоғамдық қауіптілігі мен заңға қайшылығын біле отырып, Астана қаласында Сирия мен Ирак аумағындағы ИМ халықаралық террористтік ұйымының қатарына қосылуға шақырып, радикалды діни идеологияны насихаттаған.

Естеріңізге салсақ, мұның алдында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков Астанадағы заңдылықты, тәртіп пен қылмыспен күресуді қамтамассыз ету бойынша бағыттаушы кеңестің отырысы барысында бұл туралы мәлімдеген болатын.

*ИМ (ДАИШ) - Қазақстанда аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!