Көктайғақ кесірінен 250-ден астам қостанайлық жарақат алған

Фотография - Көктайғақ кесірінен 250-ден астам қостанайлық жарақат алған

Облыс орталығында сабақтар қайтадан тоқтатылды

265 0

Қостанайда көктайғаққа байланысты төтенше жағдай сақталуда. Тәулік ішінде медециналық жәрдем сұрап келгендер саны 250 адамнан асқан, оның ішінде 16 бала бар. Екінші ауысымдағы оқушылардың сабағы тоқтатылды, деп жазады Today.kz. 

Қалалық білім басқармасынан хабарлағандай, облыс орталығында мектептердегі екінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды. Себеп – жолдарды жүруге жарамсыз еткен көктайғақ.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қала мен облыстық ауруханаларда қолы мен аяғы сынып, травматология бөліміне түскендер саны 250-ден асқан, соның ішінде 16 бала. Бас миы шайқалып, нейрохирургия бөліміне түскендер саны алты.

Облыстық ІІД мәліметінше, ауа-райының күрт өзгеруінен Қостанай жолдарында ЖКО саны артқан.

Қостанаймен бірге жаңбыр мен ауа-райының өзгеруі Ақмола аймағына да жеткен. Синоптиктердің хабарлауынша, қарашаның 24-нен 26-на дейін Қазақстанның барлық аумағында 3-10 градусқа климаттық норма жоғарлайды.  Көптеген облыстарда бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынды, жаңбыр, сулы қар, тұман мен көктайғақ.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!