Алматы полициясы үш адамның қазасына қатысты түсініктеме берді

Фотография - Алматы полициясы үш адамның қазасына қатысты түсініктеме берді

Оқыс оқиға кеше Әуезов ауданында орын алған

541 0

Алматы полициясы үш адамның қазасына әкеп соққан қайғылы оқиғаға түсініктеме берді. Оқыс оқиға кеше Әуезов ауданында орын алған.

Жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде топырақ опырылып, үш ер адам тірідей көміліп кетті.

Олардың екеуі Алматы облысы және қаласының 33 жастағы тұрғындары екендігі анықталды.

Қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, үшінші азаматтың кім екендігі анықталып жатыр.

"Қазір тағайындалған сараптамалардың нәтижесін күтіп отырмыз. Негізінен бұл жағдай бақытсыздық оқиға деп тіркелді", - деді С.Әзірбек.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!