Астана маңында такси жүргізушісін пышақтап, көлігін айдап кеткендер ұсталды

Фотография - Астана маңында такси жүргізушісін пышақтап, көлігін айдап кеткендер ұсталды

Қоянды ауылының 27 жастағы тұрғынын пышақтап, "Hyundai Accent" көлігін айдап кеткені бұзақылар ұсталды.

308 0

 Ақмола облысында такси жүргізушісін пышақтап, көлігін айдап кеткен екі күдікті із суытпай қолға түсті, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабаралайды.

24 қарашада сағат 23.15-те ІІД Целиноград АІІБ кезекші бөліміне суыт хабарлама түсті, онда Қажымұқан ауылының маңында екі адам  Қоянды ауылының 27 жастағы тұрғынын пышақтап, "Hyundai Accent" көлігін айдап кеткені жайлы айтылған. Зардап шегуші ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Дереу автопатрульдерге хабар берілді. 24 қарашада сағат 23.55-те Астрахан ауданы Новочеркасское ауылының блок-постында Астрахан АІІБ полициясының қызметкерлері "Hyundai Accent" көлігін тоқтатты, онда Астана қалсының 18 жастағы және Астрахан ауданының 29 жастағы тұрғыны болған.

ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!