Рудный қаласында 17 жасар жігіт 12 жылға сотталды

Фотография - Рудный қаласында 17 жасар  жігіт 12 жылға сотталды

None

527 0

Қостанай облысында 17 жастағы жеткіншек өзінен ақша бопсалаған құрдасын өлтіргені үшін 12 жылға тәрбиелік колонияда бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы "Наша газетаға"сілтеме жасап nur.kz хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, Рудный тұрғыны 24 маусым күні үйінің ауласында құрдасымен жанжалдасқан. Құрдасы одан ақша бопсалағанына ашуланған жеткіншек оны артынан қуып барып, пышақтап тастаған.

"Жанжал барысында жеткіншек бопсалауға қатысты құқық қорғау органдарына хабар берудің орнына, өзі қарсыласына сабақ бермек болып, оны өлтірген", – делінген баспасөз хабарламасында.

Белгілі болғандай, жеткіншек қылмысқа барған кезде мас болған. Ол үйінен пышақ алып, құрдасын іздеуге шыққан. Тапқаннан кейін оның кеудесіне пышақ соққысын жасаған. Зардап шегуші соққыдан кейін біраз жерге қашқан. Алайда жеткіншек оның артынан қуалап отырып, өлетініне көзі жеткенде бір-ақ кетіп қалған.

Жарақат алған рудныйлық емханаға барар жолда көз жұмды. Сот 17 жастағы жеткіншекті Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!