Қостанайда 84 жастағы қария мұзға тайып жығылып, қаза тапты

Фотография - Қостанайда 84 жастағы қария мұзға тайып жығылып, қаза тапты

Оқиға облыс орталығының 9-шы шағын ауданында "Азия" дүкенінің жанында болған

224 0

84 жастағы қостанайлық қария азық-түлік дүкені маңында мұзға тайып құлап, қаза тапты. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.

Оқиға облыс орталығының  9-шы шағын ауданында "Азия" дүкенінің жанында болған. Ардагер азық-түлік алмақшы болып шыққан, алайда көктайғақ оның ауыр жарақат алып,  қаза табуына себепкер болды.

Полиция сот алды тергеу жүргізуде.

Қостанайда көктайғақ салдарынан соңғы күндері 500-ден астам адам зардап шеккен. Олар әртүрлі жарақатпен медициналық көмекке жүгінген. Өлімге әкелген жағдай әзірге бір рет қана тіркелді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!