Астанада көктайғақтың бірінші күні 38 жол-көлік оқиғасы орын алған

Фотография - Астанада көктайғақтың бірінші күні 38 жол-көлік оқиғасы орын алған

Жол-патрульдік полицейлер наряды күшейтілді

216 0

Астанада көктайғақтың бірінші күні 38 ЖКО орын алды, деп хабарлады елордалық ІІД баспасөз қызметі.

Тәулік ішінде полицияға 102 хабарлама түсті, оның 38-і расталды. Апат салдарынан екі адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Жол-патрульдік полицейлер наряды күшейтілді. Полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық әңгімелесу жүргізуде.

Астана ІІД жүргізушілерге жолда жүргенде абай болу және қиылыстар мен жүргінші жолында ерекше абай болу,   жылдамдық режімі мен  қашықтықты сақтау ұсынылды.

 


Тегтер:

астана ЖКО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!