Тәулік ішінде Астанадағы көктайғақ салдарынан жүздеген адам зардап шеккен

Фотография - Тәулік ішінде Астанадағы көктайғақ салдарынан жүздеген адам зардап шеккен

Қалада дабылды ескерту жарияланып, мектептерде сабақ тоқтатылды

232 0

Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір тәулікте астаналық дәрігерлер 252 адамға жәрдем көрсеткен, олардың 126-сы көшеде жарақаттанған.  Негізінен адамдар сынық пен буынның шығып кетуімен келеді. Ауа райына қарамастан, медпунктерге көмек сұрап келушілер санының артуы байқалмайды, деп атап өтті басқармадан, деп жазады Today.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дәрігерлер қала тұрғындарын абай болуға және жол жүру ережесін ұстануға шақыруда.

"Жарақат алу аса көбейді деп айта алмаймын – барлық сандар қалыпты нормада. Бірінші кезекте адамдар ыңғайлы аяқ киіммен жүргені жөн. Ал жолмен өткенде жол жүру ережесін сақтаған абзал, өйткені көліктердің тежелу жолы көктайғақ кезінде ұзағырақ болады. Жарақаттың бірініші белгісі пайда бола салысымен травмпунктқа келген дұрыс", – дейді Денсаулық сақтау басқармасының емдік-алдын алу бойынша жетекшісінің орынбасары Иван Ли.

Мұның алдында хабарланғандай, 26 қарашада Астанада көктайғақ кесірінен 1-4 сынып оқушыларының сабақтары тоқтатылған. Қалада дабылды ескерту жарияланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!