Түркістандық Маржан Тұрлыбайдың ойлау қабілеті қайта тексеріледі

Фотография - Түркістандық Маржан Тұрлыбайдың ойлау қабілеті қайта тексеріледі

Прокуратура 18 жасар Маржан Тұрлыбайдың жағдайын тексеру мен оны ауруханаға жатқызу заңдылығы туралы айтып берді

1808 0

Өгей анасы мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жатқызды делінген 18 жасар Маржан Тұрлыбайдың жағдайын қосымша сараптама анықтайды.  Бұл туралы Today.kz редакциясының сұрағына Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы жіберген жауабында хабарланған.

Ведомствода облыстық психоневрологиялық аурухананың дәрігерлерін тарта отырып, барып тексеру кезінде қыздың жағдайы өзгермегені анықталғанын атап өтті. Сонымен бірге психиатр дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, бақылаушылар мен мекеме басшылығы Тұрлыбаева ары қарайғы бақылауды қажет етпейтінді деп есептейді, делінген хабарламада.

Осымен қатар, прокуратурада мұның алдындағы сотқа дейінгі тергеу амалын тоқтату туралы шешім өзгергені және ол сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін полицияның қалалық бөліміне жөнелтілгенін айта кетті.

"Тұрлыбаеваның жағдайы бойынша дәлелдер сотқа дейінгі тексерумен қамтылмады. Осыған байланысты, қыздың ойлау қабілеті мен мекемеде ары қарай болуын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізіліп қойылған факті аясында, Түркістан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалын тоқтату шешімін өзгертті және оны сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін полицияның қалалық бөліміне жөнелтілтті", - деп атап өтті прокурорлар.

Естеріңіге салсақ, мұның алдында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасына Түркістан тұрғынын мәжбүрлі ем алу үшін заңсыз түрде психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны хабарланған болатын. Ведомство осы кезге дейін 18 жасар ОҚО тұрғыны Маржан Тұрлыбай жатқан психоневрологиялық мекемеде тексеріс өткізуге бастама болған.

Маржанның айтуынша, ол балалар үйінің тәрбиеленушісі болған және асырап алынады. Өгей анасы оған үнемі қол көтеріп, жәбір көрсеткен, ал кейін тіпті оның есі дұрыс емес деп тануға қол жеткізіп, оны психиатриялық ауруханаға жатқызған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!