Алматыда жедел жəрдем дəрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған

Фотография - Алматыда жедел жəрдем дəрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған

Біржан Оспановтың айтуынша, биылдың өзінде жедел жəрдем стансасының дəрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған.

297 0

Алматыда жедел жəрдем дəрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған. Бұл туралы қалалық Жедел жəрдем стансасының бас дəрігері Біржан Оспанов айтты.

"Таңғы 4-тен бастап біз өзіміздің əріптесіміздің өмірін арашалап қалуға тырысып жатырмыз. Дəрігер науқасты қарап жатқан кезде оның танысы кіріп дəрігерді шүйдесінен таспен ұрған. Бірден ота жасалды. Бас сүйегін ашып гематоманы алдық. Қазір де жағдайы өте ауыр, ес-түссіз жатыр",- деді Біржан Оспанов.

Оның қасында болған фельдшер қыз да жабық ми жарақатымен қалалық жедел жəрдем ауруханасында жатыр.

Біржан Оспановтың айтуынша, биылдың өзінде жедел жəрдем стансасының дəрігерлеріне 18 рет шабуыл жасалған.

Шабуыл жасаушылардың ішінде көбіне мас күйінде əрі есірткі шегіп алған адамдар, дəрігерлермен сөзге келген туысқандар бар.

Қалалық басқарманың емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Байзолданова Айманның айтуынша, учаскелік дəрігерлерге бірнеше рет қастандық жасалған. 
"Ондай жағдай болды. Көбіне учаскелік дəрігерлер - əйел адамдар ұшырайды. Олар бұл мəселені сыртқа жариялағысы келмейді. Сөйтіп жабулы қазан жабулы қалып жатыр. Сондай-ақ, дəрігерлер жеке үйлерге барғанда иттерден қорғануға мəжбүр. Осындай жағдайлардың саны күнен күнге артып келеді", - дейді ол. 
Мамандардың айтуынша, агрессивті адамдар ауруханаларда да кездеседі. 
"Өткенде ауруханаға баласын жатқызуға келген ана шу шығарып, дəрігерлерді балағаттап, қол көтерді. Прокуратураға арыз жаздық. Жыл басынан бері ұжымның атынан 7 рет рапорт жазылды", - деді 2 қалалық балар ауруханасының бас дəрігері Ермек Аязбеков.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!