Ақмола облысында іздеуге жарияланған 13 жасар қыз ер адаммен тұрып келген

Фотография - Ақмола облысында іздеуге жарияланған 13 жасар қыз ер адаммен тұрып келген

Томирис Орымбаева әлеуметтік желіде 30 жасар ер адаммен танысып, үйінен кетіп қалған

1007 0

Полицейлер Ақмола облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен 13 жасар Томимрис Орымбаеваны тапты. Анықталғандай, осы уақыт бойы ол Қазақстанның басқа аумағында 30 жасар ер адаммен тұрып келген, деп жазады Today.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Полицейлер кәмелет жасқа толмаған қыз әлеуметтік желіде 30 жасар ер адаммен танысқанын анықтаған. Қыз бала кездесуге келіскен, ал соңынан ата-анасын тастап басқа облысқа кетіп қалған. Ер адамның түсіндіруінше, олар ортақ келісім бойынша бірге тұру үшін кеткен", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі кезде 30 жасар азаматқа қатысты шара қолдану туралы мәселе қарастырылуда, өйткені қыз бала 16 жасқа толмаған тұлға болып келеді.

Естеріңізге салайық, 13 жасар Томирис Орымбаева 24 тамызда, сағат 13:00 шамасында үйден шығып кеткен. Ол кезде полицияға жергілікті тұрғын арызданған. Сол кезден бері оны құқық қорғау органдары іздеп келген.

Полиция ата-аналарға балаларына көбірек көңіл болуге шақыруда: "Баланы тәрбиелеу- үлкендердің әр күн сайынғы еңбегі, бірінші кезде ата-анасының. Оның үстіне, бала неғұрлым үлкен болса, олар соғұрлым көңіл аударғанын қалайды. Құрметті ата-аналар балаларыңызды қорғаңыздар", - деп шақыруда ІІД.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!