Алматыда барақ үй өртенді

Фотография - Алматыда барақ үй өртенді

Өрттен зардап шеккендер жоқ

304 0

Алматыда Алатау ауданында орналасқан барақ үй өртенді. Шұғыл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова жеткізді.

Оның айтуынша, Кисловодск көшесіндегі 6 отбасыға арналған үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама 101 пультына түнгі 2:30-да түскен.

Қызыл жалын 250 шаршы метр аумақты шарпыды. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ. Тілсіз жау 03:15-те ауыздықталып, 03:42-де толығымен сөндірілді.

ҚазАқпарат


Тегтер:

өрт алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!