Ғаламторда оқушыларды ұрып жатқан мұғалім видеосы тарап кеткен

Фотография - Ғаламторда оқушыларды ұрып жатқан мұғалім видеосы тарап кеткен

Оқиға болған күні-ақ ұстаз өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

1051 0

Алматыда мектеп мұғалімі төрт баланы қатар тақта алдында сабаған. Оқиғаны оқушылардың бірі бейнекамераға түсіріп алған. Жария болған бейнеролик интернет пайдаланушыларының наразылығын тудырды.

Бейнероликте көрініп тұрғандай, мұғалім төрт оқушыны қатар тізіп қойып, шапалақтың астына алған. Бір оқушыны шашынан ұстап тұрып, басын тақтаға әлденеше рет ұрған.

Ғаламтор пайдаланушыларының айтуынша, келеңсіз жағдай Түрксіб ауданындағы 198 мектепте болған.


Әзірге құқық қорғау органдары аталған оқиғаға байланысты түсініктеме бермеді.
Аудандық білім басқармасының басшысы Айсұлу Ботаеваның айтуынша, расымен  оқиға Алматы қаласы Түрксіб ауданының 198 мектебінде болған, алайда 26 қараша күні бейне роликтегі ұстаз директорға кіріп, семья жағдайына байланысты деп жұмыстан босату туралы өтініш білдірген.
"Ендігі кезекте біз құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, бұ л мәселені аяқсыз қалдырмаймыз. Себебі біз бұлай тәрбиелемейміз, оқытпаймыз"- дейді Айсұлу Ботаева.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!