Балаларды ұрған педагог мектепте бір жылдай істеп келген

Фотография - Балаларды ұрған педагог мектепте бір жылдай істеп келген

22 жасар қазақ тілінің мұғаліміне үлкен айыппұл немесе 75 тәуліктік қамау тағайындалуы мүмкін

1344 0

Балаларды ұру бойынша іске қатысты педагог Алматының №198 мектебінде бір жылға жуық істеп келген, деп жазады Today.kz. Білім мекемесінің директор міндетін атқарушы Әсемгүл Қанапянованың айтуынша 22 жасар Айдана Сәрсенбаева мектепке университет бітіре салысымен келген. Қыз бала қазақ тілін үйреткен.

Мектеп әкімшілігі Айдана Сәрсенбаева 26 қарашадан бері көрінбей кеткенін, дәл сол кезде ол аяқ асты жұмыстан шығып кеткенін айтты. "Осы уақытқа дейін оның осындай қылықтары байқалған жоқ. Оқушы, ата-ана тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. Жалпы өзінің пәні бойынша өте білікті маман, жақсы мұғалім", - деп атап өтті Әсемгүл Қанапянова

Ал педагогты Түркісіб ауданының ІІАБ шақырғаны белгілі болды. "Кешегі күннен бері Түркісіб ауданының ІІАБ-ның тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Барлық ата-аналар, мұғалімдер шақыртылды, қазір тергеу жүруде", - деп хабарлады аудандық білім беру бөлімінен.

Естеріңізге салсақ, Ғаламторда мұғалімнің тақта алдында төрт оқушыны бетінен және басынан ұрған бейнеролик пайда болған. Бұдан басқа, мұғалім баланың бірін шашынан ұстап, тақтаға басымен соғады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!