Алматыда лай ағыны жүрді

Фотография - Алматыда лай ағыны жүрді

Құбырдан су кету жер қабатының ылғалдануына алып келіп, нәтижесінде лай көшкіні жүрді

159 0

Алматының Наурызбай ауданында лай ағыны болды, деп жазады Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

30 қараша, сағат 23.50 "Алма" бау-бақша қоғамдастығының жер телімдерінің біпінде 100 куб метр көлеміндегі лай ағыны болды. Алдан ала ақпарат бойынша, құбырдан су кету жер қабатының ылғалдануына алып келген, нәтижесінде Алматыда лай көшкіні жүрді.

Лай ағынының жүру салдарынан екі қабатты саяжай үйінің шатыры мен оның аумағында тұрған "Волга" көлігі бүлінді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылдың 23 шілдеге қараған түні Алматының Наурызбай ауданында сел жүрген болатын. Табиғат апаты жеті үйді бүлдіріп, 429 нысан, соның ішінде екі орта мектеп пен бір дәрігерлік амбулаторияны су басқан. Ауданнан 500 жүк мәшіне лай мен қоқыс шығарылды. Сел салдарын жоюға 1784 адам мен 325 бірлік техника жұмылдырылған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!