Алматы полициясы мектепте бұрышталған балон шашқанның жеке тұлғасын анықтады

Фотография - Алматы полициясы мектепте бұрышталған балон шашқанның жеке тұлғасын анықтады

Болған жайтты 15 жасар бала мойындап отыр

457 0

Полиция Алматының №7 орта мектебінде бұрышталған балонды 9 сыныптың баласы шашқанын анықтады. 15 жасар бала мектепке келе жатып тауып алған балонды дене шынықтыру сабағының алдында шашқанын мойындады, деп жазады Today.kz Алматының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Оқиға салдарынан 21 адам зардап шеккен.

"Жеткіншек ата-анасының қатысуымен сұралды. Ол болған жайтты толықтай баяндап берді. Қазір аталған факт бойынша өндіріс жалғасуда. Естеріңізге салайын, аталған жайт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 293-бабының 1-тармағы ("Бұзақылық") бойынша тіркелген.  Тергеу шаралары аясында зардап шеккен балалардың денсаулығына келген зиянның ауырылығын анықтау үшін сот-медециналық сараптама тағайындалады", - деп нақтылады Медеу ауданының ІІБ бастығы, полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.

Естеріңізге салсақ, 30 қарашада Алматының Медеу ауданындағы Алатау ауылындағы №7 жалпы білім беру мектебінде үлкен үзіліс кезінде бұрышты балон шашылғандықтан балаларды сыртқа шығару керек болған.

Зардап шеккендер саны 21 адамға өскен. Балалар ауруханаға бас ауруы, бас айналу, көздің ашуы мен жасаурауы, жүрек айну мен жөтел, ауыр тыныс алумен жеткізілген. Алты бала жансақтау бөліміне түскен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!