ШҚО-да трактор аударылып кетіп, екі адам қаза тапты

Фотография - ШҚО-да трактор аударылып кетіп, екі адам қаза тапты

Апат Зайсан-Ақжар тас жолында орын алған. Асулардың бірінде жүргізуші рульді басқара алмай, жыраға түсіп кетті

613 0

Тарбағатай ауданында К-700 тракторы жыраға түсіп кетті, кабинада болған екі адам ауыр жарақаттан көз жұмды, деп хабарлады YK-avto.kz.

ШҚО ІІД ақпаратына сүйенсек, апат Зайсан-Ақжар тас жолында орын алған. Асулардың бірінде жүргізуші рульді басқара алмай, жыраға түсіп кетті.

"Жол апатынан 60 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы көмекшісі ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше, жан тапсырды", - деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен. Аталмыш факті бойынша қылмыстық өндіріс басталды, оқиғаның нақты себептері анықталуда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!